ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС МҮШЕСІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ПРЕСС-КОНФЕРЕНЦИЯ

 

2017 жылдың 27 қарашасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің (әрі қарай — Департамент) Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы А.Есімханов, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің облыстағы меншікті тілшісі Б.Тайжан БАҚ өкілдерімен кездесті.
Басқарма басшысы А.Есімханов Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау саласында атқарылған жұмыстарымен таныстырып өтті. Абдулла Мыңбасыұлы 2017 жылдың 9 айында Әдеп жөніндегі кеңестің 7 отырысы өткізіліп, 103 мәселе қаралғандығын атап өтті.
Пресс-конференцияда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекс бойынша қозғалған әкімшілік істер мен Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысы да назардан тыс қалмады.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Б.Тайжан кеңес мүшелерінің жеке жұмысын енгізу бойынша жүзеге асырылып жатқан пилоттық жобаның жұмысына тоқталды.
Пилоттық жобаның негізгі мақсаты – Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жұмыс белсенділігін арттыру.
Пилоттық жоба аясында Б.Тайжан қазан айында Төлеби ауданында рейдтік жұмыстар жүргізген. Сонымен қатар, кестеге сәйкес жүргізілген азаматтық қабылдауда көтерілген мәселелер туралы да хабардар етті.
Естеріңізге сала кетейік, жоба аясында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері әр аптаның сейсенбі күні сағат 17.00-18.00 аралығында Департаменттің мәжіліс залында (Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы,3) азаматтармен жеке қабылдаулар өткізуде. Жеке қабылдауға жазылу кемінде бір күн бұрын 8 (7252) 536-172 телефоны арқылы жүргізілуде.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жеке қабылдау кестесімен Департаменттінің memkyzmet.kz сайты арқылы танысуға болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.