«Астана – Тәуелсіздіктің жемісі» атты салтанатты іс-шара өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында Астананың 20 жылдық мерекесіне орай «Астана – Тәуелсіздіктің жемісі» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. «Екі жұлдыз» салтанат сарайында өткен шара қонақтары алдымен Астана туралы фото көрме, зал ішінде «Мәңгі жайнай бер, Астана!» кілем көрмесін тамашалады.

Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, еліміздің дамуы мен өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосқан 20 меценатқа «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі мен Алғыс хат табыстады. 


Сонымен қатар, қоғамдық келісімді нығайту, гуманисттік дәйекті қызмет ету, қоғамның рухани дамуына үлес қосқан 11 азаматқа Елбасы Н.Назарбаевтың алғыс хаты, құрмет грамотасы және «Бірлік» алтын медалі табысталды.


Сондай-ақ, елімізде алғаш рет Қазақстан Республикасында қайырымдылық пен меценаттық қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін Елбасының атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен Латипша Қаймаханұлы Асанов марапатталды. 


Бұдан бөлек, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын халыққа насихаттау, түсіндіру жұмыстарында белсенділік танытқан 4 азамат еленіп, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі және алғыс хатпен марапатталды.

Суретті түсірген: «Оңтүстікфильм» түсірілім тобы.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.