«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МУЗЕЙІ БАБАЛАР РУХЫНА АРНАП АС БЕРДІ

Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Есімханның ескі жолы», « Қасымханның қасқа жолы», «Әз Тәукенің жеті жарғысы» дүниеге келген киелі жерде Алаштың айбынын асырған Абылайды хан көтеріп, қазақтың қабырғалы биі Қазыбектің жамбасы жерге тиген көне шаһар Түркістанда аузы дуалы жақсылар мен жайсаңдар, батырлар мен бағландар, хандар мен сұлтандар рухына құран бағыштау мақсатында  көпшілікке ас берді.

Игілікті шараға Түркістан  қалалық ақсақалдар алқасы және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары мен мүшелері, қаладағы университет және колледж басшылығы  мен ұстаздары, зиялы қауым өкілдері және облысқа қарасты музейлердің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері және қала тұрғындары  қатысты.

Жиын барысында музей директоры Түркістан қаласындағы  әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасыға мекеме атынан 20 мың қаржылай сыйлықтар табыс етті.

Сонымен қатар, Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев көпшілікті «Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, жыл көлемінде төрткүл дүниеге аты әйгілі болған «Түркістан- түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында өткен іс-шараларды ұйымдастыруға еткен еңбегі үшін  Халықарылық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтың арнайы алғыс хатымен музей директоры Ахметжанов  Нұрболат Қадырұлын марапаттады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.