«Әзірет Сұлтан» музейінде «Тәуелсіздік туындысы – Астана» тақырыбында фото көрме ашылды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен  «16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесі және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара   өтті.

Жиын барысында «Тәуелсіздік туындысы – Астана» тақырыбында фото көрменің тұсауы кесілді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айталғандай тарихи құндылықтарды жаңғыртып, дәріптеу бағытында  көрме экспозициясына музей қорынан 20-ға жуық фотосуреттер орналастырылды.

Музей басшысы Нұрболат Ахметжанов көрмеге  келген  қонақтарды «Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап тарихтың құнды дүниелеріне айналған жәдігерлерді тамашалауға шақырды.

«Тәуелсіздік туындысы – Астана» тақырыбындағы фото көрмені  қала тұрғындары мен қонақтар көріп, ыстық ықыластарын білдірді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.