Еліміздегі беделді банктың басшысы қазақ тілінде жауап бере алмай, ұятқа қалды

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі төрайымы Ляззат Ибрагимова журналист сауалына қазақша жауап беруден бас тартып, ұятқа қалды, деп хабарлайды  NUR.KZ ақпараттық порталы.

«Нұрлы жер» тұрғын-үй бағдарламасы нәтижелеріне қатысты баспасөз конференциясында банк төрайымы брифингтен кейін қазақша сұхбат беремін деп сасып қалды.

«Сауалыңызға брифингтен кейін жауап берейін, уақыт тапшы. Жаңа ғана орысша жауап бердім ғой», — деп ақталды банк басшысы.

Қазақша жауап бере алмаған әріптесіне, «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры Қайырбек Өскенбаев көмекке келді. Ол, «сауалыңызға мен жауап бере кетейін, уақыт тығыз» деп журналистерге күле қарап, сауалға толыққанды жауап беруге тырысты.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.