2018 жылы қазақстандықтар шамамен 120 күн демалады
2018 жылы қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасын есепке алғанда 119 күн демалады деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңа жыл 2017 жылдың 30 желтоқсанынан 2018 жылдың 2 қаңтарына дейін созылмақ. Аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтарға 31 желтоқсаннан бастап үш күн демалыс болмақ.
Халықаралық әйелдер күні де төрт демалыс күнін сыйламақ — 8-11 наурыз аралықтары. Наурыз мерекесінде бірден бес күн демалыс болады — 21-25 наурыз.
Бірінші мамыр күнін тұрғындар үш күн қатарынан тойламақ. Ал Жеңіс күнінде төрт демалыс күні күтіп тұр.
Астана күні болса, үш күн демалысты тарту етеді. Ал 21 тамыз Құрбан-айттың алғашқы күні болмақ.
Конституция күні де төрт демалыс күнінен құралмақ — 30 тамыз — 2 қыркүйек. 16 желтоқсан мейрамында үш күн демалыс болады.