Қазақстанда педофилдерді кастрациялау туралы заң күшіне енді
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда педофилдерді мәжбүрлі түрде емдеу шарасын қарастыратын заңнама өзгерістері күшіне енді, деп хабарлайды Today.kz.
Баланың құқығын қорғауға бағытталған өзгерістерге 2016 жылдың сәуірінде Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Ережелердің бірінде химиялық кастрация қарастырылған.
Бұл ереже кәмелеттік жасқа толмаған балаларға зорлық көрсеткен 18 жастан асқан адамдарға қолданылады.
Кейбір мамандардың ойынша, химиялық кастрация нәтижесіз болуы мүмкін.