«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МУЗЕЙІ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы  Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.
Басқосуда музей басшысы Нұрболат Ахметжанов Жолдауда көрсетілген ел дамуының басым бағыттары мен міндеттеріне тоқталды. Музей ұжымын Елбасын Жолдауын халық арасында насихаттау жұмыстарына, негізгі басымдықтарының жоғары деңгейде жүзеге асырылуына белсенді атсалысуға шақырды.

Сонымен қатар, музейдің бас редакторы Ә.Манаповтың да Елбасы ұсынған 10 міндет аясындағы  еліміздің білім жүйесін түбегейлі өзгертпекке арналған көзқарас, ресурстарымызды барынша тиімді пайдалануға жол ашып, ақылды технологиялар арқылы агроөнеркәсіпті дамытып қана қоймай ауыл тұрғындарының әлеуетін көтеру, жолдар, құрылыс саласы, қаржы секторларын жаңғырту мəселесі, адами капиталдың бар жағдайы мен денсаулық сақтау, жаһанды жегі құрттай жайылған сыбайлас жемқорлықпен күрес, дамыған «Ақылды қалалар» пайда болуына орай көзқарастарды талдап-таразылаған баяндамасы көпшіліктің көңілінен шықты.

Жиынды қорытындылаған  Н.Ахметжанов Жолдаудағы басты міндеттердің бірі жаңа технологияларды біздің еліміздің барлық экономикалық саласына соның ішінде мәдениет саласына да енгізу көзделгенін мəлімдей келе,»Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейі ұжымы да  Елбасының қойған басты мемлекеттік бағдарламалық құжаттарын іске асыруда «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» қолға алып,  Жолдауды өз ісінде қолдану үшін барлық күшін салатындығын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.