Синоптиктер: Алдағы күндері жауын-шашынсыз аязды ауа-райы күтіледі
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде Сібір антициклонының оңтүстік-шығыс шеті басым болады. Соның әсерінен ауа-райы әсіресе жауын-шашынсыз, бірақ тұманмен күтіледі, деп хабарлайды “Қазгидромет” РМК.
Тропосфералық ағындар бағытының өзгеруіне байланысты, орташа көпжылдық мәнге жақын қысқа мерзімді ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.
19 қаңтарға ҚР бойынша ауа температурасы:
- Батыста түнгі температурасы 10-15 градус аяз, кей жерлерде 20-25 аяз, күндіз 0-5, кей жерлерде 8-13 градус аяз.
- Солтүстікте түнгі температурасы 15-29 градус аяз, күндіз 8-17 аяз күтіледі.
- Қазақстанның орталықта түнде 13-18, кей жерлерде 23-28 градус аяз күтіледі. Күнгі температурасы 7-12, кей жерлерде 16 градус аяз күтілуде.
- Шығыс аймақтарда түнде 18-23, кей жерлерде 30-35 градус аяз болады, күндіз 10-15, кей жерлерде 20-25 аяз.
- Оңтүстік аймақтарда түнгі ауа температурасы 5-10, кей жерлерде 17-22 градус аяз болады, күндіз 2-7, кей жерлерде 5-10 градус аяз болады.
19 қаңтарда Астанада көшпелі бұлт және жауын-шашынсыз ауа-райы күтілуде. Шығысқа бағатың жел 5-10 м / с. Түнде ауа температурасы 20-22 градус аяз, күндіз 13-15 градус нөлден төмен.
Алматыда 19 қаңтарда бұлтты, кей жерлерде жауын-шашынсыз, кейде тұман күтіледі. Жел 0-5 м / с. Түнде ауа температурасы 7-9 градус аяз, күндіз 0, минус 2 градус болады.