Министр Н.Ермекбаев: Әрбір сақалға тыйым салынбайды, кескіндері мен ерекше сипаттары айқындалады.
Заң жобасын таныстырған министр Қазақстанда деструктивті діни ағымдарды анықтауға қатысты нормативтік-құқықтық актілер қабылданатынын айтқан.
«Заңға бағынышты нормативтік-құқықтық актілер, тіпті эскиздер қабылданады. Әрбір сақалға тыйым салынбайды, кескіндері мен ерекше сипаттары айқындалады.Бұл жерде әңгіме кез-келген сақал, дін қызметкері туралы болып жатқан жоқ. Әңгіме деструктивті діни ағымды ұстанатын адамдарға қатысты. Мұнда сыртқы белгілерімен қатар олардың не айтатыны, нені насихаттайтыны рөл атқарады», — дейді Ермекбаев.
Министрдің сөзінше, деструктивті діни ағымды қалай ажыратуға болатынын мамандар анықтайды.
«Сақалының ұзындығы да, басқа белгілері – барлығы жазылады. Егер бір ғана белгісі болса, мысалы қысқа балақ шалбар ғана киіп жүрсе немесе мүлдем дін ұстанбаса оған ешқандай шара қолданылмайды», — дейді Нұрлан Ермекбаев.
Көрнекі фото интернеттен алынды.