Омархан Өксікбаев, Мәжіліс депутаты: Біздің ұтарымыз не?

Бүгін біз бәрін жекешелендіреміз деп жатырмыз. Жалпы жекешелендіру нарықтық экономикада керек шығар, бірақ қай мал иесі сүтті мол беріп отырған сиырын сатады?  Қарап отырсақ, сатылуға беріліп отырған нысандардың көбісі – бүгінгі таңда өзін-өзі ақтап отырған, рентабельдігі өте жоғары, мемлекетке тиімді, жүйелі басқарудағы мекемелер. Сонда оларды  не үшін, кім үшін, неге сатамыз? Жаңа әріптестерім айтып кетті, кезінде біз әлеуметтік мекемелерді, балабақшалардың бәрін сатқыздық. Мұның бәрі халықаралық институттардың ұсынысымен сатылды. Ауыл шаруашылық нысандарын түгелдей саттық. Ақыр аяғында жекеге кеткендердің басын қоса алмай отырмыз қайтадан.

Өзін-өзі ақтап отырған, әлеуметтік «Сарыағаш» шипажайы сенімгерлік басқаруға он жылға берілгелі жатыр екен. Бұл Қазақстандағы ең арзан жолдама беретін, халыққа қолжетімді, емделетін шипажай. Өзін-өзі ақтап отыр, бюджеттен ақша сұрап отырған жоқ. Енді келіп, біз он жылға сенімгерлік басқаруға бермекпіз. Сол кезде не қалады?  Біздің ұтарымыз не?

 

ult.kz

Фото интернеттен алынды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.