Айқын ҚОҢЫРОВ, Мәжіліс депутаты: …қазақстандықтар қарыз құлдығына түседі.
Қазіргі таңда біз мынадай өте қауіпті жағдайды бақылап отырмыз: банктер, микроқаржылық ұйымдар, ломбардтар мен жартылай заңсыз займдар бойынша онлайн-кеңселер қазақстандықтардың табыс деңгейінің жəне қаржылық сауаттылықтарының төмендігін пайдаланып, несиелік өнімдерді сатудың агрессиялық саясатын жүргізуде. Сөйтіп жаңа несиелер ескі несиені жабу үшін алынады да, қазақстандықтар қарыз құлдығына түседі.
Борышты қайтару бұқаралық мəселеге əкеліп соқтырып, əлеуметтік шиеленісті ушықтырады жəне шынайы экономикалық секторға зиянын тигізеді. Осыған орай уақыт оздырмай Үкімет несиелендіру нарығында азаматтарымыздың құқығын қорғау бойынша кешенді шара қабылдауы қажет.
Егемен Қазақстан
Фото интернеттен алынды.