А.Бейсенбаев, Сенат депутаты:  ЖОО бітірген түлектер жұмысқа тұра алмайды

Оқу ақысын арзандату керек. Ресейліктер көктемде біздің мектептерді аралап, ең дарынды түлектерді оқуға шақырады. Ол жақта оқуын бітірген маманды жұмысқа орналастыру мәселесі міндетті түрде шешілген. Бұл қайдан шығып жатыр? Себебі Ресей­де қоғамның қартаюы деген проблема бар. Село, деревнясын айтпағанда, қалада жастары жоқ.

Көп мекемелерде жұмыс істейтіндердің дені – зейнеткерлер. Сондықтан олар басқа елдердің жастарын тартып жатыр. Бұған жол бермеуіміз керек.

Мәселені шешудің бір ғана жолы – отандық жоғары оқу орындарының сапасын көтеру, екіншісі – гранттар есебінен дарынды жастарымызды алып қалу.

Үшінші бір маңызды мәселе, ЖОО бітірген түлектер жұмысқа тұра алмайды. Жұмыс берушілер еңбек өтілінің жоқтығын, тәжірибесінің аздығын сылтау етеді. Меніңше, бұл мәселені шешеміз десек, кеңес заманындағы жас маман дегенге қайтып оралғанымыз абзал.

elana.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.