Канелоның командасы Головкинді сотқа берді
Мексикалық боксшы Сауль Альварестің адвокаты Геннадий Головкинді сотқа берді, деп хабарлайды Today.kz sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Мексикалық боксшының командасы қазақстандық Головкинді ақпан айында допингке қатысты жалған ақпарат таратты деп айыптауда. Сол кезде Головкин Альваресті көпшілік алдында допинг қолданғанын сынға алып, алаяқ деп айыптаған еді.
ESPN журналисі Сальвадор Родригестің сөзінше, сот отырысына Геннадий Головкиннің өзі де қатысуы керек болады. Журналистің айтуынша, осының барлығын Головкиннің өзі бастады.
Сондай-ақ, Канело командасы Атлетика командасының Невада штатын да сотқа берді. Дегенмен Канелоның шашынан алынған допинг-тесті теріс нәтиже берген еді.
Фото интернет желісінен алынды.