Созақта «Теріскей  таланттары-2018» XX-шы халық өнер фестивалінің гала-концерті өтті

Созақ ауданының 90 жылдығы жəне Астан­аның 20 жылдық мерек­есіне орай аудандық «Теріскей таланттары­-2018» XX- шы халық өнер фе­стивалінің жабылу сал­танаты өтті.

Шараға аудан әкімі Полатов Салыхан Сабырұлы қатысып, барша созақтықтарды ауданның 90 жылдығы және өнер мерекесімен құттықтады.

Үш айға ұласқан фестивальге аудан көлемінде 700-ден аса өнерпаз қатысып, бойдағы бар дарынын көрсетсе, оның ішіндегі жүйріктері өнер додасында топ жарып, аудан мерейін асқақтатты.

Ән мен би, күмбірлеген күйге ынтық Созақ халқының өнерге құрметі ерекше. 4000-ға жуық көрермен «Теріскей таланттары-2018» халық өнері фестивалінің гала-концертіне ағылып, жеңімпаздарына деген зор құрмет, қошеметтерінен-ақ аңғартты.


Шарада фестиваль жүйріктері марапатталып, соңы жеңімпаз өнерпаздардың гала-концертіне  ұласты.
1998 жылы Созақ ауд­анының 70 жылдығына орай  Оңтүстік Қазақстан облысының  Құрметті азаматы, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Қуаныш Айтахановтың бастамасымен өмірге келген фестивальдің мақсаты  — ауылдық жерлерде­гі жас таланттарды тауып, оларға қолдау көрсету, отансүйгішт­ікке баулу болып таб­ылады.

Елбасы Н.Ә.Назарбае­втың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мақаласында «Ұлттық жаңғыру деген ұғымн­ың өзі ұлттық санан­ың кемелденуін білді­реді. Ұлттық салт дә­стүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдеб­иетіміз, жоралғылары­мыз бір сөзбен айтқа­нда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс»- деп, атап көрсеткені белгілі. Осы орайда төл өнерді төрге шығарып, дәстү­рді дәріптеуге бағыт­талған фестиваль «Сырлы саз әу­ендері» — эстрада жа­нры, «Зерлі қалам» — бейнелеу өнері қыл қалам шеберлері жа­нры, «Күміс керуен» — қолөнер шеберлері жанры, «Сырлы дүние­»-жыр мүшәйрасы және көркемсөз оқу жанр­ы, «Гауһартас» — хал­ық әндері жанры, «Сә­укеле» — би жанры, «Сахна иірімі»- драма жанры, «Халық – өн­ер қайнары» ұжымдық көркемөнерпаздары сынды се­гіз жанр бойынша өз дарындарын түлетіп келеді.

«Теріскей таланттар­ы» байқауынан ҚР Мə­дениет қайраткері, əнші Жұбаныш Жексенұл­ы, Сəкен Майғазиев, Кенжебек Жанəбілов сынды елімізге танымал өнер жұлдыздары қа­нат қақты.
Биылғы фестивальдің жүлде қорына аудан əкімдігі тарапынан — 2 500,0 мың теңге тағайындалып, жеңі­мпаздар алғыс хат және ақшалай сыйлықтармен марапат­талды.

М.Сабыр

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.