Ұ.Нұрғалым,ақын: Ешқашан ұлтын сатпайды
Жапондардың баласы он үш-он төрт жасқа келгенше өзге тілді үйретпек түгілі тыңдатпайтыны туралы көп естиміз. Олар өз тілі қан-сөлімен бойына сіңіп, болмысына айналғаннан кейін барып өзге тілді игеруге мүмкіндік туғызады. Олар енді қандай тіл үйренсе де тез игеріп әкетеді. Сөйткен жапон біреуден кем бе бүгін? Біреуі біздің жүзімізге татымай ма?! Ұлтшыл десең ұлтшыл, намысшыл десең намысшыл, білім-техника, кәсіп, мамандық жағынан әрине неше орайды. Ешқашан ұлтын сатпайды.
Қысқасы, ел боламыз деген есі дұрыс халық тілі енді шығып келе жатқан балаға үш тілді қатар үйретіп миын қойыртпақтамайды. Бұндай сорақылыққа жол берген ел әлемде жоқ. Бұл ұрпақты мәңгүрттендірудің төте жолы.
elana.kz