С.Тұрғынбекұлы, ақын:  … емін таба алмай жатқан – өзімізден!

Көшелердегі қазақша жарнамалардың Астана, Алматыдан бас­тап, бүкіл облыс орталығындағы қалаларда бықып жатыр. Ал, сол қате жарнамаларға,  ұран сөздерге, есік маңдайшасындағы атауларға жіберген қатесі үшін «айыппұл» салынса, шенеуніктер шекесінен қарамай, тез есін жияр еді. Осының бәрі тәртіпсіздіктен, жүйесіздіктен, талаптың жоқтығынан болып отыр. Тіл мәселесін тек қана сонымен айналысатын мекемелердің қанжығасына байлап қою әділеттілік емес.

Енді міне, тілді игеруге тағы да 10 жыл қосып отырмыз. Тіл алдымен қазақ үшін керек. Өйткені, бұл мемлекеттің иесі де, киесі де – қазақ. Ал, қазақ халқы – алғыр халық. Қазақ жастары қазір орыс тілін орыстардан артық біледі, ағылшын тіліне де ағып тұр. Құдай қаласа, қытай тіліне де ден қойып, тез меңгеріп кететіндер аз болмаса керекті. Ал, қазақ тіліне «қақалып» жеткендер болса, емін таба алмай жатқан – өзімізден!

«А»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.