Менингиттен қалай сақтанамыз?

Миқұрт (менингит) – бұл халық арасында көп таралған дерттің бірі, өте қатерлі ми ауруы. Ересектерге қарағанда  жас балалар көптеп ауырады.

Қоздырғыштар тыныс алу кезінде ауамен тыныс алу жүйесінің шырышты қабықтарына түсіп оны зақымдайды. Симптомсыз келеді. Жергілікті қорғаныс барьерінен өткен жағдайда қанға өтеді, ыдыраудың әсерінен өте улы токсин бөледі. Өте сирек менингококкемия, менингитке айналады. Қан ағымымен түрлі органдарға таралып, онда екінші инфекция ошақтары дамиды: менингококкты артрит, эндокардит, перикардит, менингоэнцефалит.

   Аурудың алғашқы белгілері: ауру жұққаннан кейін 2-10 күнен соң ағзада бас ауру, лоқсу, ауыз құрғап, қызу көтерілу, дауыс қарлығып, өңі бозару секілді инкубациялық кезең өтіп, денеде қызғылт түсті дақтар пайда болады, дене қызуы 40-тан жоғарылап, бұлшық еттер тырыса бастайды. Дер кезінде емделмесе көп жағдайда сал болып қалуы да мүмкін. Бүкіл дүние жүзінде осы науқасқа душар болғандардың 20 пайызы қайтыс болады.

Беріліс механизмі – аэрогенді, аспирациялы, берілу жолы  – ауа-тамшылы. Кездейсоқ сырқаттанушылық түрінде немесе жаңадан ұйымдасқан мекемелерде, бір топта өршу түрінде кездеседі. Көбіне қала тұрғындары,    50-90%  бес жасқа дейінгі балалар ауырады, әсіресе бала-бақша балалары. Мезгілдік ауру, қыс-көктем айларына жиі таралады.

Алдын алу шаралары.  Науқас адам және күдіктілер міндетті түрде жұқпалы аурулар ауруханасына арнайы бөлімшеге жатқызылады. Реконволесцент 1 рет теріс бактериологиялық тексеруден кейін ауруханадан шығарылады. Науқаспен үйінде қатысты болған бала-бақша балалары, қызметкерлері медициналық тексеруден және 1 рет тері бактерологиялық тексеруден кейін ұжымға жіберіледі. Балалар мекемелерінде, мектепте, интернаттарда 10 күн карантин жарияланады. Карантин кезінде жаңадан балалар қабылдауға, топтан топқа ауыстыруға тыйым салынады. Ошақта бөлмені жиі желдету, ылғалды жинау, ауаны бактерицидтік шаммен залалсыздандыру керек.

         Науқасқа жедел білікті медициналық көмек көрсетіңіз – бір минут та кешеуілдетіп тұрмаңыз. Мүмкіндік болса, науқасты ауруханаға жедел түрде жеткізіңіз!

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.