А.Елгезек, ақын:  … кәсiпкердiң бiрiншi жауы болып отыр

Бүгінгі шенеунік-біз үшін полиция немесе маи қызметкері секілді жағымсыз қызметтердің өкілі секілді боп қалды. Кім ұры-шенеунік, кім жемқор-шенеунік, кім озбыр-шенеунік, кім әділетсіз һәм дөрекі-шенеунік, кімнің қарны дәу-шенеунік, кімнің беті бөлкедей-шенеунік. Кім шетел асты-шенеунік, кім ұсталып, састы-шенеунік. Біздің елде ірі шенеунік болып тағайындалған адам-әдемі идея тауып, бизнес ашып алған адаммен бірдей.

Шын мәнінде бүгінгі шенеуніктің ықпалын астындағы креслосы анықтайды. Астындағы креслосы тайды, бітті. Жан адамға қажетің жоқ. Сондықтан не адал жұмыс істеу керек, не мүлде ол «маңға» жоламаған абзал. Өмір-бумеранг. Бүгін бетін көрсетеді, ертең теріс айналып, басқа біреуге күлімсіреп тұрады. Сосын ардың соты бар. Одан құтылсаң, ең жоғарғы Аспан сот күтіп тұрады.

Әр қазақ байыса, елдің де еңсесі тіктелер еді. Дейміз ғой…Алайда, айтылып отырған сол шенеунік мырзалар бүгін кәсіпкердің бірінші жауы болып отыр. Ел экономикасын дамыту үшін бизнестің алқымына жабысқан шенеуніктің қолын ажырату керек-ақ.

365info.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.