2017 жылғы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын алған Кадзуо Исигуро кім?
Күні кеше Әдебиет бойынша 2017 жылғы Нобель сыйлығын тегі жапон британ жазушысы Кадзуо Исигуро иемденген еді. Швед академиясының хабарламасында сыйлықтың «автордың таңғажайып эмоционалды қуатқа ие романдарында әлем мен шыңырау арасындағы байланыстың бұлдыр бейнесін көрсете алғаны үшін» берілгені айтылған.
Кадзуо Исигуро 1954 жылы Жапонияның Нагасаки қаласында дүниеге келген. Кадзуо 6 жасқа толғанда әкесінің жұмысына байланысты Ұлыбританияға қоныс аударады. Ол ұлдарға арналған арнайы гимназия мектепте оқиды. жоғары оқу орнына түсіп, философия бакалавры, кейін өнер магистрі дәрежесін алады.
Исигуро қалың оқырманға «Біз жетім болғанда…», «Ноктюрндер: музыканың 5 тарихы және түннің басталуы», «Жанұялық кешкі ас», «Жер құшқан алып» романдары арқылы әлдеқашан танылып үлгерген-тін. Сонымен бірге, бірнеше кинотуындының сценариц авторы. Ол — Корольдік әдеби ұйымның мүшесі, оның шығармалары әлемнің 30-дан астам тіліне аударылған.
Айтулы сыйлыққа ие болған тұста Кадзуо: «Бұл күтпеген жерден жанымды таңданысқа бөлеген жаңалық. Әлем өз құндылығын қалай қорғарын, қайтіп пайдаға асырарын білмей дағдарған тұста орын алды. Осы марапат маған еркіндік күші мен ғаламның алдында кішкене болса да жауапкершілік артады…», — деп, өз ойымен бөліскен.
Ол қазіргі таңда Лондон қаласында жары Лорно Макдугал және қызы Наомимен бірге тұрады.
Кадзуо Исигуроның сұхбатын massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.