«Күн» салаты
Құрамы: 3-4 жұмыртқа, 2-3 ас қасық сүт, 1 қақталған тауықтың сан еті, 1 пияз, 1 құты консервіленген жүгері, майонез.
Дайындалуы: Пиязды турап, сіркесумен маринадтап қойыңыз. Жұмыртқа мен сүтті араластырып, жұқа құймақ пісіріңіз. Суыған соң, құймақты жіңішкелеп тураңыз. Қақталған тауық етін сүйегінен ажыратып, жіңішке, ұзынша етіп тураңыз. Туралған құймақ пен тауық етін шұңғыл ыдысқа салып, үстіне құтыдағы жүгеріні, тұз бен майонез қосып, араластырыңыз. Салатымыз дайын.
Асыңыз дәмді болсын!