Samruk-Kazyna Trust қорының 2018 жылға арналған әлеуметтік жобалар тізімі бекітілді
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма шешіміне сәйкес, компаниялар тобының бірегей қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры төмендегі төрт бағыт бойынша қайырымдылық жобаларды жүзеге асыратын болады:
1) әлеуметтік және медициналық сектордағы қоғамдастықтар мен адамдарға көмек көрсету;
2) бұқаралық ақпарат құралдарын, мәдени қоғамдастықты, адам әлеуетін дамыту, еңбек қатынастарын нығайту және қоғамның тұрақты дамуына инвестиция;
3) «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бар өңірлердегі әлеуметтік инвестициялардың өңірлік бағдарламасын іске асыру;
4) Қордың не/немесе компаниялар тобының беделін арттыру;
Аталмыш қордың үстіміздегі жылға арналған әлеуметтік жобалары туралы толығырақ сілтемеге өту арқылы біле аласыз.