Н.ТӨРЕҒАЛИЕВ, Сенат депутаты: Сырттан қарыз алу мәселесі
Жылма жыл бюджетті жоспарлауда, нәтижелер көрсеткіштерінің сапасыз жоспарлануы және бөлінетін қаржыландырумен өзара байланысының болмауы орын алады, бұл өз кезегінде бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдалануға әкеп соғады.
Өкінішке орай, есептерде көрсетілгендей, қаражатты толық игеру дегеніміз, негізгі мақсаттарға қол жеткізілгеніне және мемлекет ақшасының дұрыс жұмсалып жатқанына себеп бола алмайды.
Барлық бағдарламалар бойынша егер заң бұзушылықтар болса, олар міндетті түрде мемлекеттік сатып алуға қатысты болады. Мемлекеттік сатып алу жүйесінің автоматтандырылуына қарамастан, бұл салада әлі де шешімін таппаған, проблемалық мәселелер аз емес.
Осылайша, мемлекеттік сатып алу жүйесінің негізгі проблемаларының бірі – бағалар демпингі. Бағаларды қолдан төмендету салдарынан кейде адал кәсіпорындар, тіпті олардың тәжірибесі мен қызметтері бәсекелестерінен асып түссе де, құралақан қалып жатады.
Сырттан қарыз алу мәселесі. Есеп комитетінің ақпаратында көрсетілгендей, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың көлемі жылдан-жылға өсіп барады. Сондықтан қарыз алу мәселесіне елдің экономикалық қауіпсіздігін барынша ескере отырып, аса жауаптылықпен қараған жөн деп есептеймін.
«ЖҚ»