А.ШПЕКБАЕВ, МҚІ ж СЖҚК агенттігінің төрағасы: …оларды іріктеудегі бәсекелестік арта түсті.
Оңтайландыру мақсатында кадрлық іс-қағаздарын жүргізу мен еңбекақыны есептеу бойынша қызмет көрсету орталығын іске қосамыз. Содан соң 50 мемлекеттік қызметкерді қысқарту арқылы агенттікте жылына 180 млн. теңгені қосымша үнемдеуге болады деген нәтижені күтіп отырмыз. Апробация жүзеге асқан жағдайда бұл жобаны барлық мемлекеттік аппаратта іске қосамыз. Алдын ала есептеулер бойынша, 4600 қызметкерді қамтитын оңтайландыру жылына 5,5 миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметкерлерді оңтайландыру нәтижесінде оларды іріктеудегі бәсекелестік арта түсті. Пилоттық органдарда былтыр бір орынға 2 үміткерден келді. Ал биыл 50-ден астам үміткер бір орынға таласып отыр. Келесі жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы жаңа жүйе бойынша төленеді.
«ҚЗ»