Қ.СӘРСЕНБАЙ, «Алматы ақшамы» газетінің Бас редакторы: Бұл – қоғамның дертi
Баспасөз бір мекемеге немесе мемлекетке басыбайлы болмауы керек. Еркін, тәуелсіз болғаны дұрыс. Сонда ғана ол кез келген тақырыпты сынай алады, шынайы ақпарат бере алады. Ешкімге жалтақтамайды. Мүмкіндігі шектелмейді. Бұл барлық баспасөздің әлмисақтан келе жатқан дәстүрі, тіпті арманы десе де болады.
«Әу» дейтіннің бәрі әнші, қолына қалам ұстағанның бәрі журналист болып алды.
Ал қазір жазуы жоқтар журналист. Бұл –қоғамның дерті. Оны ешкім емдей алмайды. Журналист пен әнші болу сәнге айналған. Біз үшін қастерлі де қымбат журналистиканың қадірі қашып жатқан шақта баспасөз бөспөсөзге айналып кетпесе екен.
«ЖҚ»