Қ.ШАМАХАЙҰЛЫ, ф.ғ.к:  Бұл – қауiптi құбылыс

Дау-дамай тудыратын ұсақ-түйек ақпараттар интернет-сайттардың, кейбір газеттердің басты «азығына» айналды. Биліктің асырауындағы ақпарат құралдарының өзі соңғы жылдары әлем баспасөзінің жалпы стандарттарына сай келмейтін кәсіби қателіктерге де ұрынып жатыр. Субъективті қорытынды жасап, білгірсуге бейім тұрады;

Оқиғаны ойдан құраcтырмаса да, билікке жағу үшін шектен тыс мадақ айтып, көпе-көрінеу жағымпазданушылық басым болып барады;

Шынайы оқиғаны шала бейнелеу, өңін айналдырып жіберу немесе мүлде үнсіз қалушылық жиі кездеседі. Бүгінгі күні елде газет оқымайтын, теледидар көрмейтін, радио тыңдамайтындар етек алып барады.

Бұл – қауіпті құбылыс. «Жығылғанға жұдырық» демекші, ресми үкімет әлеметтік желілер мен блогерлерге ақпарат құралының мәртебесін жүктеп қойды. Бұл – дәстүрлі кәсіби  журналистиканы тұншықтырып, тұқыртуға бағытталған қате қадам.

«Д»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.