А.АЙТАЛЫ,ф.ғ.д.,профессор: «Халқым надан болған соң, қайда барып оңайын» дейдi Абай
Бүгінгі қазақтардың ішкі жан дүниесі күрделі де қайшылықты. Парықсыздық, немқұрайдылық, «маған бәрібір, тамағым тоқ, көйлегім көк» болса дейтіндер; нарциссизм, мақтанғойлық, ұлт әлсіздігін мақтанмен толтыру, шамадан тыс қазақты мақтау, тіпті кейде басқа халықтарға қарсы қоюға, оқшаулануға дейін бару, ұлтсыздық, оларды ақ сүт берген анасының омырауын тістейтіндер дейді, нигилистер бара-бара басқа тілге ауысады, тіпті сонысымен мақтанатындар бар.
Бірақ қазақтың келбетін құрайтын тек бұлар емес. Қазақтың кемшін тұстарын білетіндер – оған күйінетіндер. «Халқым надан болған соң, қайда барып оңайын» дейді Абай. Сөйте тұра елін өрге сүйреуге тырысатындар бар.
Дегенмен ұлттық азғындаудың әртүрлі көріністерін мойындай отыра, бүгін ұлттық рух, патриотизм қазақ халқының бойында бар, бірақ реңі, түрі, ерекшеліктері әртүрлі деген реалистік ой-пікір басым.
«ЕҚ»