Балғынбек ИМАШЕВ, айтыскер ақын: ҚМДБ қайда? Неге үнсіз?

Қытайға қыз беру туралы пост жазам ба деп едім, бүкіл әлеуметтік желілерде шу көтеріліп, біраз белсенділік байқалды. Өкініштісі, “Онда тұрған не бар?”, “Қытайлар да адам ғой”, “Бақытты болса болды емес пе?” деген пікірлер де көрініп қалды. Міне, шіріген жұмыртқа деп осыларды айтады. Осындайлардың санасын сауықтырмай, миларын емдемей, емдеуге келмесе, ортадан аластамай біздің қазақ ел болмайды.

Мәселе қытайда емес, өзімізде ғой! Өлімнен күшті деген ұят қайда? Намыс қайда? Тектілік қайда? Иман қайда? Қытайға қыз бердің, діннен шықтың ғой, муртад болдың ғой! Жаназаң оқылмау керек қой! Үкіметке бәрібір ме? Парламент не себепті тым-тырыс? Каникулға тыныш кеткісі келе ме? Қоғам алдында құзыры төмен болса да, құдай алдындағы жауапкершілігі жоғары ҚМДБ қайда? Неге үнсіз?

Stan.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.