Шынайы жанашырлықтың игі істері
Шардара ауданы аумағында керағар діни ағымардың жетегінде кеткендердің табылатындығына ешкім де дау айта алмаса керек. Аудандағы жағдайды жіті қадағалап, мән-жайды дұрыс талдап, қорытынды шығара білген аудан әкімдігі өзекті мәселені тұрақты бақылауға алып, оң нәтиже беретін ішкі жұмыстарды пәрменді етіп жүргізуде сергектікпен қарайтындығын айтпай өтпеуге болмас. Өзекті мәселені дұрыс жолға қоюдың тізгінін ұстаған аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев ауданның зиялы қауымын, дін саласының қызметкерлерін, ұлтжанды азаматтарды ортақ мақсат жолындағы игі іске бағыттауды жүйелі жолға қойғанын айрықша айтуға болады. Ауданда нақты істердің мазмұндылықпен әсерлі болып өтуі үнемі бақылауда болатындығын көрсетіп айту артық бола қоймас.
А.Үсіпов