Біздің мақсат – діни «иммунитетті» көтеру, халықтың көзін ашу

Біздің Қазақстан халқының басым көпшілігінің ұстанатын діні – Ислам. Оның ішінде суниттік бағыт, Имам Ағзам немесе Абу Ханифа мазхабы. Ал енді мұндағы мәселе неде? Ол осы Абу Ханифа мазхабын мойындамай, яғни араб елінен ілім алып келген немесе Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдарын, ұстаздарын тыңдамай, әлеуметтік желі арқылы өзге ағымның ұстаздарын, шейхтарын тыңдау нәтижесінде адасушылыққа кетіп қалуда.

Негізі, өзге ағымға бай азаматтарды және көшбасшылық қасиетке ие, сөзге шешен сондай-ақ спортта жетістігі бар адамдарды, ақындарды, жұлдыздарды тартуға тырысады. Себебі, олардың жүріс-тұрысы жастарға идеал. Соңғы кезекте ғана әлеуметтік жағдайы төмендерді тартуда.

Ал Ислам сөзінің мағынасының өзі бейбітшілік. Ал бұлар керісінше дінді құбыжық қылып көрсеткісі келеді. Бұл ұйымның артында үлкен алпауыт мемлекеттер жатыр. Бұл жерде — дінмен күресу саясаты ұстанған. Жаңағы керағар дәстүрлі емес діни ағымдар да дін емес, олар саяси немесе коммерциялық ұйымдар. Дінді саяси құралы ретінде пайдаланып, дін арқылы байығысы келетіндер. Оларда Отан, дәстүр, ұлт деген ұғым жоқ. Зомби болды, бітті. Ислам атын жамылған болсын, христиан болсын зомбиланған адамның үстіне жарылғыш заттарды асып, жарылыс ұйымдастырады. Оларды керемет пайдаланады.

Мәди Бесбаев,

Дінтанушы «Дін орталығы» КММ директорының орынбасары

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.