ШЫМКЕНТ: «УАҚЫП» ҚОРЫМЕН БІРЛЕСІП 1560 ОҚУШЫҒА КӨМЕК БЕРІЛДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры бірлесе отырып  жаңа оқу жылы қарсаңында  «Мектепке жол», «Мектеп сөмкесі»  атты қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі.

Ресми шара ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев, найб имамдар Мұхамеджан Естеміров, Адилхан Сертаев, Иса Яхяев және қалалық «Жастар ісі» бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы,  қалалық «Зекет» қорының өкілі Айбек Әзімбаев және т.б. ата-аналар қатысты.

«Дінімізде білім алуды әрбір адамзатқа парыз еткен. Сондықтан да талмай білім алуға, ата-анаға мейірімді болуға, ұстаздарыңды құрмет тұтуға, оқуда озат болуларыңа тілектеспін», — деді Бас имам.

Сондай-ақ, Бас имам Бақтыбай Қыдырбайұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бастамасымен қолға алынып отырған игілікті шараға қолдау білдірген барша азаматтарға алғысын білдіріп, жетістіктер тілеп,  оқушыларымызға оқуда озат болуға шақырып, ақ бата берді.

Айтулы шара аясында көпбалалы, тұрмыс жағдай төмен 360-ге жуық оқушыға мектеп сөмкесі, мектеп формасы, оқу-құралдары т.б. керек-жарақ заттары үлестірілді.

Жалпы, «Мектепке жол», «Мектеп сөмкесі»  қайырымдылық акциясы барысында  Шымкент қаласы бойынша 1560 оқушыға көмек берілді.

 

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.