Б.САҒЫНТАЕВ, ҚР Премьер-министрі: …кейбiр өңiрде мүлдем қолға алынбаған
Соңғы айда үлкен өзгерістер болды. Соған қарамастан, мысалы, үй құрылысына келетін болсақ, көпқабатты үйлерді пайдалануға беру Алматы облысында –20, Атырау облысында–45, Жамбыл облысында – 35, Түркістан облысында–30, Алматы қаласында 56 пайызды құрайды. Қызылорда облысында бірде-бір үй жоқ. Жарты жыл өтті, сол 20-30 пайыздың соңында жүрміз.
Студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар кейбір өңірде мүлдем қолға алынбаған. Ал Президенттің бес әлеуметтік бастамасына кіретін жатақхана мәселесіне келетін болсақ, сегіз өңірде ғана жатақхана беруге қол жеткізілген. Басқа өңірлерде бірде-бір жатақхана, бірде-бір шаршы метр пайдалануға берілмеген.
«ЖА»