Ә.ҚАРА, Түркиядағы МС КӨУ профессоры, т.ғ.д: Бұл сылтау емес…

«Сананы тұрмыс билейді» деген сөздің орны бар. Саясаттың тілі, шаруашылықтың тілі, тұрмыстың тілі қазақ тілі болмай барлық жұмыс бекер болып қала бермек. Ал қазақ тілі қолданылмайтын жерге қазақша тілмаш ұстау керек. Қазір мен жиі байқаймын, дипломаттарымыз шетелдерде орысша сөйлеп жатады. Неге деп сұрасаңыз, қазақша тілмаш жоқ дейді. Мәселен қазақшадан тікелей француз тіліне аударатын аудармашы таппағандарын айтады. Ал орыс тілінде ондайлар көп дейді. Бұл сылтау емес. Егемен атанғанымызға жиырма бес жылдан асты. Осы күнге дейін мықты аудармашыларды көптеп тәрбиелеуге әбден болатын еді.

newsasia.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.