Н.ЖҮСІП:   Өкiнiшке қарай, олай болмай тұр

Бастама, бағдарлама, жоба, жоспар дегендер жағынан еш кенде емеспіз. Осыған дейінгі жүріп өткен жолымызға қарасақ, талай нәрсенің болғанын көреміз: жекешелендірудің бірнеше жобасы, экономикалық дамудың бірқатар бағдарламасы, оның ішінде «кластер» деген бар, соңғысы – индустриялық-инновациялық даму, қыл аяғы «бес бастамаға» дейін қыруар бағдарлама қабылданған. Алайда, соның бәрі – кезең-кезеңге арналған; бір-бірімен қабыса бермейді, бір сөзбен айтқанда мағыналық тұтастық, мазмұнды сабақтастық жоққа тән.

Қазір жер-жерде әкімдер халық алдында есеп бергенде іріктелген кісілер жиналады. Сұрыпталған сұрақтар қойылады. Жылтыраған жүздер… Елбасы есеп беру мәселесін алға қойғанда  «жылтыраған  жиын өткізіңдер» демегені анық. Елдің өзекті мәселелері ашық талқылансын, жергілікті атқару орындары сол жиындарда айтылған, көтерілген проблемаларды рет-ретімен шешсін деген талап қойылса керек. Өкінішке қарай, олай болмай тұр.

aikyn.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.