Облыстық конференция өттi

Сайрам ауданындағы  №11 «Манкент»  жалпы  орта  мектебінде «Зайырлылық  және дінтану» пәні  бойынша  «Мәдени    конфессияаралық  келісім» тақырыбында  облыстық    конференция өтті.

Еліміз  егемендікке қол жеткізгеннен бері жас мемлекетті жаңаша құрылымда қалыптастыру  үшін  ұлттық рухани құндылықтарды қастерлеп, оны саралай білуге  басымдық  беріліп келеді.  Яғни, ел  тарихнамасының жарқын беттерін, ұлттық құндылықтарымызды өнеге тұтып, бүгінгі ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу басты назарға алынды. Осы қағидатты негізге алған  ұстаздар қауымы ұлттық бірегейлікті нығайтудың нәтижесінде ұлттық кодымызды сақтап қалуымыз керектігін кеңінен талқылады. Конференцияға жергілікті сала өкілдерінен бөлек 14 ауданнан және қалалардан да тиісті сала мамандары қатысты.

М.Горький  атындағы  орта  мектептің дінтану  пәні  мұғалімі  Л.Юсанова  «Конфессияаралық келісім – ел  дамуы  кепілдіктерінің  бірі»  тақырыбындағы   баяндамасында ұлттық бірегейлікті беріктендірудің ең тиімді тәсілі ретінде ұлттық сананы, жеке тұлғаның өз орнын табуын және өзінің қоғамдағы рөлін айқындағаны жөн екендігіне кеңінен тоқталды. Әсіресе, мектептерде  оқушылармен жұмысты дұрыс жолға қойып, оларды отансүйгіштік, патриоттық тәрбиеге баулу бағытындағы жұмыстарды жүйелі жолға қою керектігін де дәйекті дәлелдермен нақтылап көрсетіп өтті.

Жалпы, осы бір алқалы басқосуда көпшіліктің ойы жастардың санасында туған жер мен туған елге деген ерекше сезімді, ілтипатты оятып, оны дәріптеу арқылы ел бірлігін сақтауды пәрменді етуге ойысты.

Жиын соңында   «Бейбітшілік  сақталады!»  тақырыбында  тәрбиелік  кеш  тамашаланды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.