Қазір Түркістанды түлету басты назарда болса:
- Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы баяндылық табуда ма? Ел аузындағы «Шыңға шығып ту көтеріп, төменге түсіп «қызғалдақ» теріп, одан қымыз ішіп, артынан қауын» жеп қайту «той-думандарының» көлеңкесінде бүкіл елге үлгі-өнеге етерлік Түркістанның «Жүйнектік жүйесі» елеусіз қалып қойған жоқ па?
- Рухани жаңғыруда адам факторы алдыңғы орынға шығарылып, әйелдердің түрмеге түсуі мен алаяқтық жасауын азайтуда, мектептің оқушы қыздарының екіқабат болып қалуын тоқтатуда, жас отбасылар ажырасуын, азаматтық неке мен қазақ қыздарының көшеге шығып жеңіл жүріске баруын болдырмауда, ауылдағы қазақ жігіттерінің бос сандалып, ішкілікке салынуын тоқтатудағы облыстың ақпараттық саясаты көптің көңіліне қонарлықтай дәрежеде ме?
- Оңтүстікте БАҚ-қа берілетін мемлекеттік тапсырысты «ауызбастырыққа айналдырудың «ауруы» облысқа әкім болып Ж.Түймебаев келгеннен кейін ретке келді ме?
- БАҚ беттеріндегі облыс әкімі Ж.Түймебаевтың назарына ұсынылатын қарапайым халықтың «Жанағайына» мән беріле ме?
Осы сауалдарға жауап боларлық сараптамалық материалдарды газетіміздің алдағы сандарынан да, газеттің www. qazaqjoly.kz және qazygurt.kz сайтынан оқи аласыздар.
«Қазақстан жолы» газеті, 15.09.2018 жыл, №34.