Т.Медетбек:  «Аққу, шортан hәм шаянның» iсiне басып жүрмiз

Өкінішке қарай, бізде ұлттық, мемлекеттік идея жоқ. Кеңес Одағын аңсаушылардың қатарынан емеспін, бірақ кеңестік идеологияның темірқазығы мықты болды. Бойларына терең сіңіргені сондай, әлі күнге дейін айыға алмай жүрген адамдар бар. Ал біз ұлтты біріктіретін, өзге халықты қазақтың төңірегіне топтастыратын идеяны орната алмадық. Соның кесірінен «Аққу, шортан һәм шаянның» ісіне басып жүрміз.

Ойымыз–азат, қимылымыз–еркін. Десе де, ойындағысын ортаға салудан қорықпайтын адамдар саусақпен санарлық. Халықтың мұңы мен мұқтажын айтуға тиіс адамдар көптің мүддесінен гөрі жанның жайлылығын ойлап кеткені өкінішті.

Мен кейде ойымды ашық айтамын. Қазаққа, мемлекетке қарсылықтан емес. Керісінше ұлтымның, елімнің гүлденгенін, дамыған мемлекеттермен терезесі теңескенін қалағандықтан. Татулыққа, тұрақтылыққа кім қарсы шықсын? Бірақ кемшіліктер айтылуы керек. «Керемет» көрсеткіштер ұлт дамуына айқындауыш бола алмайды. Кейде жоспарды асыра орындап, нәтижені көпсітіп көрсетуге жанталасқан жұртты көресің де, социалистік жарыс кезеңіне тап болғандай сезінесің.

Қазақ мемлекет құраушы негізгі ұлт ретінде өз биігіне шыға алмай отыр. Мұны мойындауға тиіспіз

«А»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.