Б.Дүйсенбинов, Мәжіліс  депутаты:  Ұлттық банк нақты жағдайды толық ескермеген

Ең алдымен жергілікті органдар қолында мың­даған баспанаға мүдделі адамдардың тізімі бар екеніне қарамас­тан,ол адамдарға бағдарлама туралы хабар берместен,кездейсоқ жерден естір деп кабинеттен шықпай күтуде.

Кейбір аймақтарда бағдарламаның шарттары жергілікті ерекшеліктерге сай келмейді. Мысалы еліміздің ең халқы көп,ал орташа жалақысы ең төмен аймақтардың бірі – Түркістан облысы мен Шымкент қаласы.

Ал бағдарлама шарты бойынша үйдің бағасы 15 миллион теңгемен шектелген. Шымкентте бұл сомаға бағ­дарламаға сәйкес келетін тек екі бөлмелі пәтер ғана. Осы аядай үйге 4-5 баламен қалай сиясыз. Жақында ғана Шымкент қаласын Астана, Алматымен теңеп, мегаполис деп жарияласақ,неліктен үйдің бағасын екі есеге төмендетіп отырмыз. Біздің байқауымызша, осы бағдарламаны дайындау барысында Ұлттық банк нақты жағдайды толық ескермеген.

Abai.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.