Б.Мәкен, Мәжіліс депутаты: Ұлттық трагедия!

Расын айту керек, мектептер мен медициналық мекемелердегі жыныстық тәрбиенің  осал тұстары өте көп, ал аталған мәселелер бойынша көмек көрсетуге тиісті қызметтер  іс жүзінде жұмыс атқармайды. Сосын ата-аналардың көпшілігі жұмыста. Қолдары қалт еткендері балаларының тәрбиелерімен айналысуға құлықсыз. Қыз анасына жоламайды, анасы қызым не істеп жүр деп бас қатырмайды. Соның зардабын тартып жатырмыз.  Жауапкершілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен ғаламторға жүктегеннен тапқанымыз осы.

Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік көбінесе жыныстық тәрбиенің дұрыс жүргізілмеуі салдарынан Қазақстанда жылына 7 мың  түсік жасалады.  Бұл – өте күрделі мәселе. Ұлттық трагедия!

elana.kz

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.