Б.Тілеухан,  Мәжіліс депутаты:   Жалпы, қазақ көрерменi аш

Кинематография туралы заңның еліміздің мәдениетіне, өнеріне, идеологиясына ғана емес, қала берді, экономикасына да айтарлықтай ықпалы болғандықтан, ел өмірі, ұлт тағдырына бей-жай қарай алмайтын кез-келген азамат үшін бұл маңызды құжат. Енді, «Кинематография туралы заң» дегенде, алдымен ұлттық кино және оны прокаттау жүйесі ойымызға оралады. Киноның төңірегінде кешенді мәселе жетерлік.

Елімізге жыл сайын орта есеппен 300-ге тарта шетелдік өнім кіреді екен. Ал өзіміз өндіріп отырған туындылардың көлемі осының 10 пайызы шамасында ғана. Яғни, 30-40 фильм.

Жалпы, қазақ көрермені аш. Ол өз өнімдерімізді көргісі келеді. Ұлттық кино, ұлттық мәдениет тұрған жерде кей дүниелер ысырылып, оған орын беруі керек деп сұрау қажет, оның еш сөкеттігі жоқ.

Baq.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.