Б.Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі: …шаралар қабылдауы керек
Дәрілерді толық жеткізу, медициналық құралдармен және кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстарын бір жүйеге келтіру қажет. Сол себептен, әкімдер бүгінгі жағдайды ескере отырып, жағдайды ретке келтіру бойынша түбегейлі шаралар қабылдауы керек. Алдымен денсаулық сақтау нысандарын заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету проблемасын шешу қажет. Бұл жерде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік схемасын толыққанды пайдалануымыз керек. Денсаулық сақтау министрлігі білім және ғылым министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, дәрігерлерді оқыту, емханалар мен ауруханаларды кадрлармен қамту, олардың біліктілігін арттыру, әлеуметтік қолдау шараларын қабылдасын.
sputniknews.kz