Н.Нығматулин, Мәжіліс төрағасы: … мамандығы бойынша жұмыс табу қиын

Еңбекпен қамту саласында жеткен жетістіктерімізбен қатар шешілмеген сұрақтар да аз емес. Бұл біріншіден, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға қатысты. Мемлекет басшысы оларды көлеңкелі аймақтан шығару туралы тапсырма берді. Енді үкімет, орталық және жергілікті мемлекеттік орган мен депутаттық корпус бірлесе жұмыс істеуі қажет.

Кадрларға деген сұранысқа байланысты терең талдау жасалмайды. Білім беру бағдарламалары қазіргі талапты толық орындамай отыр. Сол себептен студент жастарға оқуын бітіргеннен кейін мамандығы бойынша жұмыс табу қиын. Осы мәселені шешу үшін кадрларға мониторинг жүргізудің тиімді жүйесін құру қажет деп есептейміз. Ол мемлекеттік тапсырысты дұрыс орындауға үлкен мүмкіндік береді.

Baq.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.