А.Жамалов, Мәжіліс депутаты:… 12 қыркүйекте 380 теңгеге жеттi
Теңге бағамын қолдау үшін 5-7 қыркүйек аралығында ұлттық банк 520 миллион доллар сатқан. Бұл барлық сауда көлемінің 80 проценті. Алайда осыдан кейін теңге бағамы одан әрі құлдырап, 12 қыркүйекте 380 теңгеге жетті. Осы орайда мынадай сұрақ туындайды: нарықтағы ахуалды пайдаланып, барлық валютаны кім сатып алды? Халық емес екені анық.
Квазимемлекеттік компаниялар теңге бағамының мұндай құбылмалылығы кезінде қарапайым қаржылық мақсатты көздеп, валюта сатып алуды бастады. Салдарынан біз теңгенің нарықтық бағамын жоғалттық. Ол қазір мұнай бағасы секілді іргелі факторлармен емес, Ұлттық банк пен квазимемлекеттік сектордың әрекеттерімен анықталады. Теңге бағамының болжамдығын шешетін кез келген жоқ па? Тым болмаса Ұлттық банктің де, үкіметтің де мүддесіне сәйкес келетін валюта дәлізін уақытша бекітсек қайтеді.
sputniknews.kz