Қ.ХАМИТОВ, спортшы: Бәрiнiң мойнында қарыз
Мен үшін министр де, депутат та абыройлы адамдар емес. Қарапайым халыққа қарапайым жауап бере алмайтындарды қызметінен қуу керек. 28 мың теңге иттің бір айлық тамағына да жетпейді. Сосын орташа жалақы 163 мың теңге деген ертегіні қойыңыздаршы.
Неге қарапайым халықты жек көретіндеріңізді түсінбеймін. Не істеді олар сендерге? Керек десеңіздер алтын, мұнай, газ, ураннан да бас тарта аламыз. Тек азық- түлік, жанармай, білім, медицинаны арзан қып, зейнетақыны жақсылап көтеріп беріңіздерші. Біз Дубайдағыдай өмір сүруді сұрап отырғанымыз жоқ. Тек дұрыс жұмыспен қамтамасыз етіңіздерші.
Қазір бәрі жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Тапқанын жегенге шүкір етеді халық. Бәрі отбасын асырау үшін шетелге кеткісі келеді. Бәрінің мойнында қарыз. Егер халықтың жағдайын шешіп бере алмасаңыздар, не үшін отырсыздар?
Alashainasy.kz