РЕСЕЙДІҢ СОЧИ ҚАЛАСЫНДА «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МУЗЕЙІНІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Ресей Федерациясының Сочи қаласында  «SIFT / Сочи — 2018» халықаралық туристік форумы аясында  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің көрмесі ашылды.

Қожа Ахмет Ясауидің мұралары мен Түркістан өңірінде орналасқан киелі жерлерді насихаттауға арналған көрменің лентасын Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Краснодар өлкесіндегі Құрметті Консулы Мохначев Виталий Викторович қиып, әлемдік жетекші туристік орталықтар назарына ұсынылатын жәдігерлердің маңыздылығына тоқталды.

Туристер үшін кесененің әр жылдардағы бейнелері мен Түркістанның көріністері, тайқазан, шырағдан суреттері, Қожа Ахмет Ясауи мен тайқазанның макеттері таныстырылса,
Ясауи кесенесі мен Қылует жерасты мешіті, Шығыс моншасы, Гаухар ана, Укаша ата кесенесі мен құдығы, Сауран қалашығы сынды тарихи орындардың 3D тур нұсқасы Елбасымыздың цифрландыру жүйесі негізінде дайындалып, халықаралық көрмеде  көзілдірік арқылы көрсетілді.
Сонымен қатар, қорық-музейдің тарихи орындары мен музей хақында үш тілде жарық көрген буклет кітапшалары мен жәдігерлердің каталог кітаптары да көрме экспозициясынан орын алды.


Сонымен қатар, отандық туристік орталықтар «Қазақстанға саяхат жаса» жарнамалық ұранымен түрлі мәдени бағдарлама ұсынып, еліміздің көрікті жерлерімен бірге қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпы және төл өнерімен таныстыруда. Қазақстаннан барған делегаттардың «Қара жорға» биіне тәнті болған ресейлікт асық ату ұлттық ойынына да белсене кірісті. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық тағамдарын насихаттап жатқан делегаттар құрт істеу тәсілдерін көрсетті.

Өз тілшімізден.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.