Б.БЕКНАЗАРОВ, Сенат депутаты: …ұрлыққа кiнәлi адамдардың көпшiлiгi бостандықта, жазасыз қалып отыр
Халықтың бізге қоятын сұрақтарының негізгі бөлігі осы мал ұрлығын тоқатуға байланысты, мемлекеттің қазір бұған əлсіздік көрсетіп отырғандығы. Ауылдың жағдайын біз бәріміз білеміз. Ауылда жұмыс жоқ. Бала-шағасын асырап, бір бұзаулы сиырын, 5-6 қойын ұстап отырған ауыл тұрғыны үшін бұл ұрлықтың келтіріп жатқан зияны орасан зор. Соған қарамай қазір бұл ұрлыққа кінəлі адамдардың көпшілігі бостандықта, жазасыз қалып отыр. Біз бұның алдында бұл қылмыстардың кейбір түрін гуманизация деп, орта дәрежелі қылмыстарға ауыстырған кезде үлкен қателік жіберген сияқтымыз.
Қазір осы заңның əлсіз болуынан кейбір өңірлерде адамдар заңға сенуден қалып, кінəлілерге өз бетінше шаралар қабылдап, оларды ұстап, жазалай бастаған.
Бүгін бізге, депутаттарға барлық мемлекеттік органдардың мал ұрлығы бойынша пікірін тыңдап, осы жағдайды түзеу бойынша ұсыныстар əзірлеу қажет. Егер осы бағыттағы заңнаманы мал ұрлығына кінəлі адамдардың қылмыстық жауапкершілігін күшейту жағына өзгерту керек болса, біз сондай заңнамалық шараларға да баруымыз керек.
Baq.kz