Е.БАРЛЫБАЕВ, Мәжіліс депутаты: … мемлекеттiк қолдаудан тыс қалып отыр

Осы жылы Үкімет асыл тұқымды малдың өнімділігін арттыру үшін субсидияның жаңа Ережелерін бекітті. Алайда, Ережеде отандық ірі қара малдың етті тұқымдарының санын ұлғайтуды ынталандыру шаралары қарас­тырылмаған. Яғни, импорттық аналық мал басын субсидиялауды сақтап қалып, ал отандық асыл тұқымды таналарды сатып алу мемлекеттік қолдаудан тыс қалып отыр.

Елімізге кез-келген тұқымның аналық мал басын әкеліп, ол үшін субсидия алуға болады. Дегенмен, Әулиекөл тұқымы Қазақстаннан басқа жерде жоқ, сондықтан оны ешқайдан әкеле алмаймыз. Егер елімізде асыл тұқымды аналық басты сатып алуды субсидиялау тоқтатылса, ет өндірушілер толығымен импорттық асыл тұқымдарды әкелуге мәжбүр болады. Мемлекет импортты субсидиялауға және шетелдік ірі қараны бағып қағуға әжептеуір қаражат бөліп, ал қазақтың «Әулиекөл» асыл тұқымын назардан тыс қалдырып отыр.

 

Abai.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.