А.ЖАМАЛОВ, Мәжіліс депутаты:     … экономиканың нақты секторын көтермелеу қажет

Ағымдағы жылдың 15 қазанындағы ұсынылған мәліметке сәйкес, жалпы сомасы 1 трлн. 906 млрд. теңгеге барлығы 443 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісімшарты жасалған. Фантастикалық сома. Ал мемлекеттік міндеттемелердің сомасы 799 млрд. теңгені, тартылған инвестициялар көлемі небәрі 379 млрд. теңгені құраған.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мақсаты – мемлекеттік пен бизнестің тең серіктестігі. Қазіргі уақытта бұл бір бағытта ғана қозғалып келе жатыр. Ең алдымен, экономиканың нақты секторын көтермелеу қажет. Өңірлерде мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытуға арналған басымды бағыттар жоқ екенін көріп отырмыз. Мысалы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жасалған келісімшарттар саны небәрі 9 ғана. Ал сумен жабдықтау, су бұру желілердің тозуы секілді мәселелер жыл сайын көтеріліп келеді.

Baq.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.