Н.ӘБДІҒАНИҰЛЫ, журналист:    Жә, жас болса және бiр жөн. Кiл зейнеткер…

Қазақстан Республикасында «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң бар. Ол Заң бәрімізге ортақ. Мал бағып, шөп шабатын шаруа қазаққа да, қалам құшақтап, қағаз жастанатын Астанадағы ақ жағалыларға да. Басқасы жоқ бізде.

Қазір елімізде 2 миллионнан астам зейнеткер бар екен. Базалық зейнетақыны қосып есептегенде, орташа зейнетақы 81 мың теңге көрінеді. Ең жоғарғы зейнетақы 126 мың теңгені құрапты биыл. Ал келер жылы орташа жалақы 87 мың теңгеге көбейеді екен, тағы. Келер жылғы жоспарда ең төменгі жалақы мөлшері 36 мың теңгеден сәл асады деп көрсетілген. Биылғы жылға қарағанда 5700 теңге қосылыпты.

Зейнет жасына жетсе де депутаттық креслосын босатпай жүрген «пенсионерлер» Парламентте жетіп артылады. Былай айтқанда, Қазақстанның Сенаты – «Қариялар кеңесі» деуге әбден келеді. Мәжіліс пен Сенатта зейнеткер депутаттар аз емес. Көрдіңіз бе, Қазақстанның негізгі Заң шығарушы органы саналатын Парламенттің қос палатасы пенсионерлердің пансионатына айналып үлгеріпті.

Олар Заңға пысқырмайды. Пысқырса, орындайтын еді ғой. Жоқ. Заңды орындап қарық қылмағандар қалай Заң шығарумен айналысады дейсің кейде. Депутат деп отырғандардың дені экс шенділер ғой.

Жоғарыдағы саяси кадрларға қарай тұра, мынадай ойға қалдық. Ақорда саяси кадрға тапшы ма, әлде өз саласында там-тұмдап тірлік ете алмағандарды Сенатқа жинау қағидасы қалыптасып қалған ба? Сонда экс дегеннің бәрі депутат бола ма? Жә, жас болса және бір жөн. Кіл зейнеткер…

Abai.kz

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.