Тұмаудың алдын алу және емделу жолы
Тұмаудың алдын алу үшін таңертеңгі және кешкі уақытта бетті суық сумен жуып, кешке қарай аяқты жылы суға салса, ағзаның ауруға қарсы күресу қуаты артады.
Тамақтан кейін ауызды тұзды сумен үнемі шайып жүрсе, ауыз қуысындағыбактерияларды жояды.
Қыс және күз мезгілінде дене шынықтырып, күнделікті бой жазып, таза ауада серуендеп, дененің суыққа қарсылық қуатын жоғарылатса, тұмаудың алдын алуға болады.
Күнде таңертең терезені 30 минуттай ашып, бөлменің ауасын тазартып отыру қажет. Жас жем-жіміл мен қызыл шекерді лайықты мөлшерде қайнатып, шай орнына ішсе тұмаудан сақтануға болады.
Сірке суын қайнатып, үй ішін күнделікті булап тұрса, микробтар жойылады.
Күз мезгілінде өте қалың киініп алмау керек. Қалың киім дененің суыққа төзімділігін әлсіретеді.
Әр күні таңертең, жеңіл киіммен таза ауада 30 минут дене жаттығуларын жасау тұмаудың алдын алады.
Екі алақанды беттестіріп ысып, алақан ортасы ысығаннан кейін, мұрын желбезегінің артқы түбін қос бармақпен 10 рет уқалау керек.
Қызанақ, сәбіз, алма секілді көкөністер мен жемістерді үзбей пайдаланған жөн
Жөтелден арылудың жолы
Кішкентай балаға да үлкен кісілерге де пайдасы зор. Жөтелден оңай құтылу жолы. Бронхитті де осы жолмен емдеуге болады.
Құрамы:
1 банан (жақсы піскен, үлкен)
1 стакан шекер
200 мл су (қайнап тұрған)
Дайындау:
Бананды тазалап, оны езіп шекермен араластыру қажет. Үстінен қайнап тұрған суды құйып, бұл қосынды 30 мин. демделіп беті жабулы тұрсын.
Алынған массаны сетка ситодан өткізіп (сито темір болмауы қажет, темір сито қарайтып жібереді) жылытып ішу қажет.
Пайдалы кисель дайын! Жарты кеседен әр 2 сағат сайын жылытып ішу керек. Бірнеше күннен соң нәтижесін көресіз! Қымбат дәрі дәрмектің қажеті жоқ!